14 қар, 2018 сағат 11:56

Күлі 4 мың метр биіктікке атқылаған жанартау жапондықтарды дүрліктірді

Жапонияның оңтүстік-батысындағы Кюсю аралындағы Сакурадзима жанартауы қатты жарылыстан кейін сәрсенбі күні түтін бағаны мен жалынды шоқты 4 мың метр биіктікке атқылады.

Kyodo ақпараттық агенттігі хабарлағандай, жанартаудың өзегіндегі тастар екі мың метр қашықтыққа ұшқан.

Жанартау аймағына өтуге тыйым салынды. Бұдан бұрын осындай құбылыс осы жылдың шілдесінде болған еді.

Сакурадзима - Жапониядағы қауіпті жанартаулардың бірі.