03 нау, 2017 сағат 12:16

Құлбек Ергөбек. Бұл - елдігімізге жасалып отырған шабуыл!

Қазақ тілі, әдебиеті тарихы, түріктану мамандығын құрту - ұлтты құртумен тең. Бұл - елдігімізге жасалып отырған шабуыл! Мемлекетімізге төнген қауіп. Бұл пәндер жоғалса, ұлттық сана жоғалады. Ұлттық сана жоғалса, ұлт жоғалады. Арғы жағы - Америкалық ұлт...

Бұған дейін бірсыпыра түрік жұрағатын жұтқан сценарий қазаққа да жыланша жылжып келеді. Шекспир сұрағы: "Бар болу, иә жоқ болу" - қазақ ұлтының басына да төніп келеді. 

Сырт күшке керегі - қазақ елі емес, қазақ ұлты емес, бағзыдан қазақ отанына балаған - қазақ жері. Қазақ жері құрыса, қазақ елі ұлтсызданады, құриды. 

Ұлт қансорпасы қайнамасын десек, ұлт азаматтары, тіпті, тіліне қарамай түп-түгел оянуы керек. Ол аз. Бастау тарихы бір, қаны бір, тағдыры ұқсас түрік ұлт ұлыстары түп-түгел ынтымақ, бірлікке келуі керек.

Құлбек Ергөбектің фэйсбуктағы жазбасынан