02 мау, 2020 сағат 09:55

Күкірті мол газды заңсыз жаққан «Ембімұнайгаз» АҚ-дан 1,3 млрд теңге өндірілді

Атырау облысында «Ембімұнайгаз» АҚ-нан 1,3 млн текше метр газды заңсыз жаққаны үшін 1 млрд 281 млн теңге өндірілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ембімұнайгаз» АҚ қондырғылардағы факелдерде 1,3 млн текше метрден астам газды заңсыз жаққаны анықталды. Газ құрамында күкірттің құрамы көп болған. Прокурорлық қадағалау іс-шарасының нәтижесінде өкілетті органмен мемлекет пайдасына қоршаған ортаға келтірілген зиян үшін 1 млрд 281 млн теңге өндірілді»,- деді Атырау облысы прокурорының аға көмекшісі Қанат Қабдолов. 

Сондай-ақ, «KMG Nabors Drilling Company» ЖШС-нен өкілетті органмен қоршаған ортаға рұқсат етілмеген эмиссия үшін салықтық төлем ретінде 153,1 млн теңге өндірілген.