31 қаз, 2019 сағат 13:19

Қуат Хамитов октагонға оралды

Аралас жекпе-жек шебері қазақстандық Қуат Хамитовтың келесі жекпе-жегі октагонға оралатынын жария етті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«14 желтоқсан. Сочи. Қуат Хамитов (20-6) vs Руслан Тедеев (12-2)», - деп жазды қазақстандық спортшы Instagram-дағы парақшасында.

Айта кетсек, ресейлік Руслан Тедеев кәсіпқой карьерасын 2016 жылы бастаған. Осы уақытқа дейін GT, ICFC, Union of Mixed Martial Arts турнирлеріне қатысып, бірнеше мәрте жеңіске жеткен. Кхас-Магомед Ыусупов, Экпер Гаджикперов, Эдриан Греч қатарлы файтерлерге қарсы айқас өткізген.

Айта кетсек, Қуат Хамитовтың соңғы жекпе-жегін 2019 жылдың басында әзербайжандық Нариман Аббасовпен өткізіп, төрешілердің шешімімен жеңілген болатын. Оның алдында 2017 жылы ирландық Питер Куиллимен (10-4-1) өткізген еді. Ол жолы төрешілердің басым даусымен жеңіске жеткенімен, Кулиллидің командасы апелляцияға беріп, тәуелсіз комиссия ұпай санын қайта есептеп, айқасты тең өтті деп өзгертті.