12 қаз, 2018 сағат 06:41

Қуаныш Сұлтанов: Партияда жемқорларға орын жоқ

«Нұр Отан» партиясы Орталық аппаратында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Қуаныш Сұлтановтың төрағалығымен «Нұр Отан» партиясы Партиялық бақылау комитетінің «Нұр Отан» партиясының Атырау облыстық филиалының партиялық бақылауды ұйымдастыру және ішкіпартиялық тәртіпті нығайту бойынша жұмысы туралы» кезекті отырысы өтті.

- Партияда жемқорларға орын жоқ. Әр жыл сайын «Нұр Отан» партиясынан 60-70 адамды парақорлық үшін шығарып тастауға мәжбүр болып келе жатырмыз. Біздің басты міндетіміз – өз қатарымыздың тазалығын сақтау, содан кейін, бюджет қаражатын бөлетін мемлекеттік қызметкерлердің әрбір тиынды орнымен жұмсағанын бақылауымыз керек, - деп атап айтты Қуаныш Сұлтанов.

Аймаққа бару кезінде, ұсынылған мәліметтерге талдау жасаған уақытта, партияның Атырау облыстық филиалы мен оның аумақтық филиалдарының жұмысында шешуді қажет ететін бірқатар проблемалар бар екені анықталған.

Ұлттық бюро департаментінің мәліметіне сүйенсек жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша Атырау облысында қылмыс саны артқан. Егер, 2016 жылы 95 болса, 2018 жылдың алты айында 62 заңбұзушылық тіркелген.