20 шіл, 2018 сағат 14:42

Куәгер Денис Тенді өлтірді деген күдіктінің еңкілдеп жылап бара жатқанын айтты

Бизнесмен Қайрат Құдайберген Алматыда Денис Тенді өлтірді деген күдіктіні көріп, ер адамды сипаттап берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Бүгін 11.30-да досымды ертіп, Денис Тенге шабуыл жасалған жерге гүл қою үшін келдім. Дұға оқып, бір минут үнсіздік сақтағаннан кейін қайтуға бел будық, осы кезде көптеген полицей мен прокурорлың Денисті өлтірген ер адамды алып бара жатқанын көрдік", - деп жазды ол Instagram желісінде. 

Ол қылмыс орнына гүл қою үшін келген адамдардың күдіктіге айғайлап, қарғап-сілегенін айтты.

"Қаныпезер А4 форматындағы қағазбен бетін жауып, жылап бара жатты... Тергеуші оқиғаның қалай болғанын сұрап жатты, қаныпезер жауап берді, үндегісі келмегендей. Милицияда жұмыс істегенде нағыз баскесерлер мен рецидивистерді көргенмін. Бұл жігіт болса ап-арық, ұсақ ұры. Қолына пышақ алғанда ойында не болғанын білмеймін, бірақ дарынды адамды өлтіруді ойламағаны анық. Бірақ қылмыс жасалды және ол қатаң жазалануы тиіс", - деді Қайрат Құдайберген.

Еске салайық, кеше, 19 шілдеде Алматыда белгісіз біреулер Денис Тенді пышақтап кеткен болатын. Оқиға шамамен 15.00-де Құрманғазы мен Байсейітова көшелерінің қиылысында болған. Кейін қалалық ІІД өкілдері Денис Тенге автоұрылар шабуыл жасағанын мәлімдеді. Сөйтсек, спортшы ұрылардың үстінен түскен болып шықты. Жанжал кезінде спортшының аяғына пышақ тиіп, көп қан жоғалтқан. Ол ауруханада көз жұмды.