#
#
Сейсенбі 20/02/2018

ҚТЖ-ның басшысы Тальгоның кемшілігін айтты

  • 14.02.2018
  • 0
  • 1292

ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек «Тальго» жүрдек пойызының кемшілігін жоюды тапсырды, деп xабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қаңтар айында -40 градустық қатты аяздар болды. Сол кезде «Тальго»-ға қатысты бірқатар қиындықтар болды. Аталған мәселені қалай шешеміз?», - деді Ж.Қасымбек министрліктің бүгінгі алқа мәжілісінде.

«Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының президенті Қанат Алпысбаевтың айтуынша, Аталған мәселені ол жеке бақылауда ұстап отыр.

«Ауа температурасы төмендеген кезде екі оқиға болды. Ол кезде пневматикалық бақылау жүйесі істен шыққан болатын. Қазіргі кезде біз осы мәселені өндіруші компаниямен бірге пысықтап жатырмыз. Әрине, алдағы уақытта ондайға жол бермеуге тырысамыз», - деп атап көрсетті Қ.Алпысбаев.

Айта кетейік, ағымдағы жылы 4 қаңтарда Астана-Лениногорск бағытындағы №375 поездан теxникалық ақаулық шығып, «Тальго» вагондарында ауа температурасы күрт төмендеп кеткен еді. Соның салдарынан 228 жолаушыны басқа поезға ауыстыруға тура келді. Тальгоның орнына купе-вагондары бар №153 Семей-Астана поезы жолға шығарылған болатын.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар