05 мау, 2018 сағат 07:48

КСРО "қорқақ" екен, Қазақстан "батыр" шықты

Қашқын тышқанның әлегі немесе меңдеген менингит...

Отар бекетінің қасындағы Гвардейский қалашығында Биологиялық қауіпсіздік мәселелерінің ғылыми-зерттеу институты бар. Сол орталықтан сексенінші жылдары бір тышқан қашыпты. Жәй тышқан емес, оба дертінің қоздырғышы салынған тәжірибелік мақсатта өсірілген ақ тышқан. Әкем ол кезде совxозда мал дәрігері едім дейді. Аймақта дереу карантин жарияланған. Көршілес жатқан Отар, Мәтібұлақ, Ақтерек, Шилібастау, Қопа, Кенен ауылдарының қорадағы малынан, күркедегі тауығы, көшедегі ит пен мысығына дейін қан алып, түгел тексеріп, обаға қарсы вакцина салып шығыпты. Күнде Мәтібұлақта шұғыл жиналыс, күнде қыстауларды аралап, үйді-үйге кіріп мал дәрілейміз дейді. Бір тышқанның кесірінен екі айдай шапқылаған көрінеді. Әбүйір болғанда ауру таралмаған. Мал-жан аман шыққан. Әкем осы оқиғаны айтқанда күлгенмін, бір тышқанға бола шала бүлініп, түрмеден қылмыскер қашқандай дүрлігіп деп...

P.S. КСРО "қорқақ" екен, Қазақстан "батыр" шықты. Бір тышқанға бола бүкіл бір ауданды жауып, карантин жариялады, қорқақ емегенде не?! Оншақты күнде оннан астам адамнан айрылсақ да мыңқ етпей отырмыз, нағыз "батырлық"-деп осыны айт! Бас батыр: "екі мыңға жетсін, карантинді сосын көрерміз"-дейді басты қаруы вакцинасының жоқтығын білдірмей нығызданып. Терезені ашып, желдетіп қойыңдар деп кеңес береді. Өлім-жітімді есептегенде бұрынғы жылдардың көрсеткішін жіпке тізеді. Сол арқылы үйреншікті жағдай ғой дегенсиді. Айналасы оншақты күннің ішінде оншақты адамның өлуі бұрын болмағанын айтқысы келмейді. Әлде, айтқызбасы айтқызбайды. Басында балалар кетіп еді, енді ересектерге ауыз салыпты. Өнертапқыш ғалым Сейілбек Қышқашұлы марқұм: "сендер батырсыңдар, мен қорқақпын. Қазақтың болашағын ойлаудан қорқамын"-деген еді бір сұхбатында. Шынымен "батыр" екенбіз.

Есболат Айдабосынның фейсбуктегі жазбасынан