31 шіл, 2019 сағат 13:46

Ксения Ашығалиева күйеуінің қай жерде азаптағанын көрсетті

Әнші Ксения Ашығалиева Instagram желісінде қай жерде соққыға жығылғанын көрсетті, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Әйелдің айтуынша, сол жерде күйеуі мен досы оны соққыға жыққан.

«Желтоқсан, 129 мекенжайындағы 3-ші кіреберістің жертөлесі», - деді ол. 

Мұның алдында Ксения Ашығалиева күйеуі Бауыржан Ашығалиевтен қорлық көргенін айтып, әлеуметтік желідегі #НеМолчиKZ қозғалысына шағымданған еді. 

Кеше полиция Бауыржан Ашығалиевті уақытша оқшаулау орнына қамады.