20 ақп, 2020 сағат 13:35

Круиз лайнеріндегі 2 қазақстандықтан коронавирус табылған жоқ - Біртанов

Денсаулық сақтау министрлігіне Жапониядағы круиз лайнерінде қалған қазақстандықтардың анализдерінің қорытындысы келді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Круиз лайнерінде Қазақстаннан төрт адам бар. Біз бүгін олардың анализдерінің көшірмесін алдық. Екеуінде коронавирустың тіркелмегені анық. Қалған екі адам бойынша ақпаратты күтудеміз. Үнемі байланыста отырмыз», - деді Елжан Біртанов ОКҚ-да өткен баспасөз мәслихатында.

Министрдің айтуынша, қазіргі уақытта лайнерде қалған отандастарымызды елге қайтару жұмысы жүріп жатыр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Жапониядағы круиз лайнерінде қазақстандық 2 әйел пен екі бала бар екені белгілі болды.