03 нау, 2020 сағат 10:28

Криштиану Роналду – Англия премьер-лигасы тарихында үздік футболшылар рейтингінде екінші орында

Беделді FourFourTwo (4-4-2) басылымы әлемде ең табысты спорттық лигалардың бүкіл тарихында оның ең үздік 100 ойыншысының есімдерін атады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" SPORTINFORM-ға сілтеме жасап

Рейтингтегі бірінші орын бұған дейін Лондонның «Арсеналы» үшін ойнаған, қазіргі кезде Франция форварды Тьерри Анриге берілді. Анри екі рет «Алтын бутса» иегері атанған. АПЛ өкілі үшін бұл рекорд. Екі маусымда (2004 және 2005 жылдары) франциялық ойыншы қақпаға 110 рет доп салды.

Үздік ойыншылар рейтингінде екінші орында «Манчестер Юнайтед» командасының бұрынғы шабуылшысы Криштиану Роналду тұр. Тізімдегі үшінші орын «Ньюкаслдың» бұрынғы форварды Алан Ширерге берілді.

Еске сала кетейік, Роналдумен қатар үздіктер «ондығына» «Манчестер Юнайтед» командасының тағы бес ойыншысы кірген: Уэйн Руни, Эрик Кантона, Пол Скоулз және Рой Кин.