25 қаң, 2017 сағат 13:56

Кремль Астана процесінің қорытындысына баға берді

Мәскеу Астанадағы Сирия мәселесін реттеу жөніндегі келіссөздердің қорытындысы Женева процесі аясында ынтымақтастықты жандандыруға сеп болады деген үмітте. Бұл туралы бүгін Кремльдің ресми өкілі Дмитрий Песков мәлімдеді, деп хабарлайды Baq.kz «lenta.ru» сайтына сілтеме жасап.

«Әрине, бұл - үлкен жетістік. Осы арқылы Женева процесіне едәуір қолдау көрсетіліп отыр. Сіздер білесіздер, Сирия мәселесін реттеуде Женева процесінің маңызы өте зор», - деген Ресей президентінің баспасөз хатшысы ол процесс аясында біраз кедергі туындап қалғанын еске салды.

Қазақстан астанасында осыған ұқсас кездесулер тағы өтуі мүмкін бе деген сауалға Песков бұл жағдайға қарай шешілетін мәселе деп жауап берді.