22 ақп, 2017 сағат 16:05

Ұлттық банк теңгенің неліктен нығайып жатқанын түсіндірді

Ұлттық банк теңгенің неліктен нығайып жатқанын түсіндірді, - деп хабарлайды kaz.tengrinews.kz тілшісі қаржы реттеуші ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Видеоны ҚР Ұлттық банк баспасөз қызметі жіберді

"Соңғы екі айда теңгенің айтарлықтай нығайып келе жатқанын көріп жүрміз. Теңге менің ойымша, бүгін, өз шыңына жетті. Біз бүгін 317 деңгейіне дейін түсірдік, яғни 316,9 теңгеге дейін жетті. Бұл неге байланысты? Біріншіден бұл мұнай бағасының күрт қымбаттауына байланысты. Сонымен қатарресейлік рубльдің нығаюына байланысты. Теңгеге қатысты не көріп отырмыз? Бірден айтайын, Ұлттық банк соңғы бес айда бағамның қалыптасуына араласпайды. Алайда теңгенің нығаюы сақталып отыр. Бұл тренде уақыт факторына әсер етеді. Бізде қазір салық апталығы басталды, экспортшылар төлемдер жасайтын кез. Біз қазір көптеген банктердің мұнайдолларын сатып жатқанын көріп жүрміз, бұл әдіс қатты айтқанда, экспортшылар салық төлеугемүмкіндігі болу үшін жасалады. Бұл фактортеңгені нығаюын үдетеді", - деді ҚР Ұлттық Банктің монетарлық операция департаментінің директоры Әлия Молдабекова.

Бүгін, KASE қор биржасының таңғы саудасында Ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 314,82 теңгеге тең болды. 

Таңғы сауданың бірінші келісімі 315,50 теңгемен өтті. Минималдық құны 314,29 теңге болса, максималдық құны - 316. Сауданың жалпы көлемі 189,250 миллион долларға жетті.

Kurs.kz мәліметінше, ұлттық валютаның долларға шаққандағы бағамы 313,5 - 314 аралығында.