17 қаз, 2017 сағат 11:51

ҚР Сыртқы істер министрі Қырғызстандағы сайлауға пікір білдірді

ҚР Сыртқы істер министрі Қайрат Әбдірахманов Қырғызстандағы президенттік сайлаудың қорытындысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Қазақстан нақты бір кандидатқа таңдау жасаған қырғыз халқының еркіне құрметпен қарайды. Өздеріңіз білесіздер, Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қырғыз Республикасының Президенті болып сайланған Сооронбай Жээнбековке жылы лебізін білдіріп, құттықтау жеделхатын жолдады», - деп тоқталды министр.

Осы орайда Әбдірахманов Қазақстан ары қарай да көрші мемлекетпен дипломатиялық байланыстарды нығайтуға ниетті екенін атап өтті.

«Қырғызстанның жаңа Президенті көрші елдермен қарым-қатынасты нығайтуға жауапкершілікпен қарайтынын байқатты. Сонымен қатар Қазақстан өз кезегінде Қырғыз Республикасымен достық пен ынтымақтастықтың өзара тиімді әрі тату көршілік қатынастарды бұдан ары қарай нығайтуды ұстанатындығын растайды»,-деді Қайрат Әбдірахманов.