13 қаң, 2020 сағат 14:42

ҚР Сыртқы істер министрі Еуропаға сапармен барады

ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Еуропаға сапарлайды. Бұл туралы бүгін ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«20-21 қаңтарда ҚР Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді бастаған қазақстандық делегация ҚР-Еуропалық одақ ынтымақтастық кеңесінің 17-отырысына қатысады. Іс-шара барысында Қазақстан мен Еуропалық одақ арасындағы ынтымақтастықтың ағымдағы мәселелерін талқылау, сондай-ақ халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелер бойынша пікір алмасу жоспарлануда», - деді ол.

Ресми өкілдің дерегінше, сапар аясында министрдің Еуропалық комиссияның, Еуропалық Парламенттің және Бельгия Корольдігінің Сыртқы істер министрлігінің ресми тұлғаларымен кездесулері жоспарланған.