#
#
Жұма 15/11/2019

ҚР СІМ «Рияд келісіміне» қатысты мәлімдеме жасады

  • 08.11.2019
  • 0
  • 90

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Рияд келісіміне қол қойылуына байланысты мәлімдеме жасады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі Йемен Үкіметі мен Оңтүстік Өтпелі Кеңестің арасындағы «Рияд келісіміне» қол қойылуын құптайды және бұл уағдаластықтарға қол жеткізудегі Сауд Арабиясы Корольдігінің маңызды рөлін жоғары бағалайды.

Қазақстан бұл құжат өңірдегі ахуалды тұрақтандыруда және Йемендегі дағдарысты бейбіт саяси жолмен шешуде маңызды қадам болады деп үміт білдіреді», делінген хабарламада.

Еске сала кетсек, Йемен Үкіметі мен Оңтүстік Өтпелі Кеңес елдегі азаматтық соғысты тоқтату үшін Сауд Арабиясының астанасында билікті бөлісу жөнінде келісім жасасты.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар