28 сәу, 2019 сағат 16:20

Президенттікке үміткерлерді ұсыну кезеңі аяқталды

28 сәуір күні Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына кандидаттарды ұсыну кезеңінің қорытындысы бойынша отырыс өткізді. Оған саяси партиялардың және бірқатар мемлекеттік органдардың өкілдері қатысты. 

Жиын бойынша қаулы қабылданды. Қаулы жобасымен Орталық сайлау комиссиясы Төрағасының орынбасары Константин Викторович Петров таныстырды.

«2019 жылғы 9 маусымға тағайындалған Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауын әзірлеу мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың күнтізбелік жоспарына сәйкес ұсыну кезеңі 2019 жылғы 10 сәуірден 28 сәуірге дейін болды.

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңның талаптарына сәйкес, Президенттігкке кандидатура ұсыну үшін Орталық сайлау комиссиясына мыналарды ұсыну қажет болды:

1) республикалық қоғамдық бiрлестiктiң жоғары органының кандидатты ұсыну жөнiндегi отырысының хаттамасынан үзiндi;

2) кандидаттың Орталық сайлау комиссиясының 10 сәуірдегі № 10/233 қаулысымен бекітілген нысан бойынша жүргізуге келісім беру туралы өтініші;

3) кандидат сайлау жарнасын заңмен белгіленген ең төменгі жалақының елу есе мөлшерінде немесе 2,125,000 теңгені енгізгенін растайтын құжат.

Осылайша ұсыну кезеңінің қорытындысын шығара отырып, заңнамада белгіленген құжаттарды Орталық сайлау комиссиясына 9 республикалық қоғамдық бірлестік, оның ішінде төрт саяси партия ұсынды. Келесі кандидаттар ұсынылды:

1. Түгел Сәді-Бек

1955 жылы 1 наурызда Шығыс Қазақстан облысы Ұлан ауданы Амангелді ауылында туған.

2019 жылы 17 сәуірде "Ұлы дала қырандары" республикалық қоғамдық бірлестігі ұсынды.

Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 22 сәуірде ұсынылды.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 24 сәуірдегі № 3 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Түгел Сәді-Бек ҚР ОСК 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 18/249 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес.

2. Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы

1953 жылы 17 мамырда Алматы қаласында туған.

2019 жылғы 23 сәуірде "Nur Otan "партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 23 сәуірде ұсынылды.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 23 сәуірдегі № 2 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Тоқаев Қасым-Жомарт Кемелұлы ҚР ОСК 2019 жылғы 25 сәуірдегі № 16/244 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес.

3. Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы

1959 жылы 20 қарашада Батыс Қазақстан облысы Казтал ауданы Қушанкөл ауылында дүниеге келген.

2019 жылғы 24 сәуірде«Қазақстан Республикасы кәсіподақтар Федерациясы» Республикалық кәсіподақтар бірлестігі ұсынды.

Құжаттар ОСК-ға 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынылды.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 4 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Таспихов Амангелді Сатыбалдыұлы ҚР ОСК 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 19/251  қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес.

4. Еспаева Дания Мәдиқызы 

1961 жылы 5 наурызда Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Жайсаң ауылында дүниеге келген.

2019 жылғы 25 сәуірде "Ақ жол "Қазақстанның демократиялық партиясы" қоғамдық бірлестігі ұсынған.

Құжаттар ҚР ОСК-ға 2019 жылғы 25 сәуірде ұсынылды.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 26 сәуірдегі № 5 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

Еспаева Дания Мәдиқызы ҚР ОСК-ның 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 19/252 қаулысына сәйкес, Қазақстан Республикасының Конституцияның 33-бабының 2 және 3-тармақтарында, 41-бабының 2-тармағында, Қазақстан Республикасының "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық Заңының 4-бабының 4-тармағында, 54-бабында белгіленген талаптарға сәйкес.

5. Рақымбеков Төлеутай Сатайұлы

1964 жылы 19 шілдеде Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданы Атасу кентінде дүниеге келген.

2019 жылғы 25 сәуірде "Ауыл "халықтық – демократиялық патриоттық партиясы" қоғамдық бірлестігінен ұсынылды.

Құжаттар ҚР ОСК-ға 2019 жылғы 26 сәуірде рұсынылған.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 6 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

6. Ахметбеков Жамбыл Аужанұлы

1961 жылы 11 ақпанда Ақмола облысы Қорғалжың ауданы Жантеке ауылында дүниеге келген.

"Қазақстан Коммунистік Халық партиясы" қоғамдық бірлестігінен 2019 жылы 26 сәуірде ұсынылды.

ҚР ОСК-на 2019 жылғы 26 сәуірде құжаттар ұсынылған.

Лингвистикалық комиссияның 2019 жылғы 27 сәуірдегі № 7 қорытындысы негізінде мемлекеттік тілді еркін меңгерген.

7. Қосанов Әміржан Сағидрахманұлы

1964 жылы 13 мамырда Қызылорда облысы Арал ауданы Сапақ станциясында дүниеге келген.

"Ұлт тағдыры "Біріккен ұлттық-патриоттық қозғалысы" қоғамдық бірлестігінен 2019 жылы 26 сәуірде ұсынылды.

Құжаттар ҚР ОСК-ға 2019 жылғы 27 сәуірде ұсынылған.

8. Ерғалиев Талғат Файзуллаұлы

1966 жылы 15 шілдеде Ақмола облысы Қорғалжың ауданы Жантеке ауылында дүниеге келген.

"Қазақстан құрылысшылар одағы" заңды тұлғалар бірлестігі 2019 жылдың 27 сәуірінде ұсынылды.

9. Әлиев Жұматай

1952 жылы 20 маусымда Жамбыл облысы Сарысу ауданы Байқадам ауылында дүниеге келген.

"Халық демографиясы" қоғамдық бірлестігі 2019 жылдың 26 сәуірінде ұсынылды.

Құжаттар ҚР ОСК-ға 2019 жылғы 28 сәуірде ұсынылған.

Орталық сайлау комиссиясымен сәйкестігі анықталған төрт кандидат қол жинау жұмыстарына кірісе алады. 12 облыста, республикалық маңызы бар қалаларда, астанада кемінде 118 140 қол жиналуы қажет.

Басқа кандидаттардың заңнамаға сәйкестігі алдағы күндері анықталады.

Қол жинаудан басқа кандидаттар қазіргі уақытта «Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидаттың денсаулығының жай-күйі туралы медициналық қорытындыға қойылатын талаптарды және Қазақстан Республикасының Президенттігіне кандидат ретінде тіркеуге кедергі келтіретін аурулардың тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2019 жылғы 13 сәуірдегі № 12/236 нормативтік қаулысы және Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің  бірлескен бұйрығына сәйкес денсаулық жағдайын медициналық куәландырудан өте алады, сондай-ақ зайыбымен немесе жұбайымен бірге тұрғылықты жері бойынша Мемлекеттік кіріс органдарына ұсыну мерзімі басталған айдың бірінші күніне кірістері мен мүлкі туралы декларацияны ұсынуға міндетті.

Кандидаттарды тіркеу кезеңі 11 мамырда сағат 18-00-ге дейін жалғасады.

Бұдан басқа, ұсыну кезеңінде 35 өтініш келіп түсті:

29-жеке тұлғалардан, оның ішінде 1-азаматтар тобынан, 6 – заңды тұлғалардан, оның ішінде өңірлік қоғамдық қордан. Өтініштер пошта конверттері, электрондық үкімет порталы, Ортсайлаукомның электрондық поштасы арқылы және қолма-қол түсті.

Өтініш сипаты бойынша былай бөлінді: сайлау процесін ұйымдастыру (11); сайлау заңнамасы мәселелері бойынша түсініктемелер (12); ұсынымның тиісті емес субъектілерінен Президенттікке кандидаттарды ұсыну (12);

32 өтініш бойынша өтініш иелеріне жауаптар берілді, 1-і бүгін келіп, қарастырылуда, 2 – ОСҚ-ның өкілеттігіне кірмеді және тиісті органдарға жіберілді.

Орталық сайлау комиссиясының кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша бүкіл ақпараттық құралдардың қатысуымен брифинг болып өтті, онда ҚР ОСК мүшелері БАҚ өкілдерінің барлық сұрақтарына жауап берді.