07 мам, 2018 сағат 10:39

ҚР Президентінің телерадиокешені Отан қорғаушылар күніне орай видеоқұттықтау жариялады

Қазақстан Республикасы Президентінің телерадиокешені Отан қорғаушы күніне орай видеоқұттықтау жариялады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Құрметті еліміздің ер-азаматтары және батырлары! Отан қорғаушылар күні баршаңызға құтты болсын! Атқарып жатқан игі қызметтеріңізге табыс, отбасыларыңызға амандық, дендеріңізге саулық және барлығымызға бейбіт, тату-тәтті ғұмыр тілейміз»,  - делінген телерадиокешеннің Фейсбуктегі парақшасында.