15 қаз, 2018 сағат 15:03

ҚР Президенті жұмыс сапарымен Ақтөбеге келді

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбеге келді. Елбасы өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткішімен танысады, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Ақтөбе облысына жұмыс сапары кезінде алдымен «Дару жарығы» офтольмологиялық орталығына барады. Заманауи технологиямен жабдықталған орталықта 6 ота жасау залы бар. Стационар алпыс кереуетке шақталған, емхана күніне 500 адамды қабылдай алады. Жергілікті дәрігерлерден құралған мамандар шетелдің үздік емханаларынан тәжірибеден өтіп келген. Жүзеге асырылған жобаның жалпы құны - 3,8 млрд. теңге.

Сонымен қатар, балаларды оңалтуға арналған «Аяла» орталығы ашылады. Мұнда мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған сауықтыру шарасы жүргізіліп, қатерлі ісікке шалдыққан балаларға ерекше күтім жасалады. Орталықты «Русская медная компания» ЖШС бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында салып берді. Жоба құны - 500 миллион теңге.