05 мам, 2019 сағат 07:43

ҚР Президенті TWESCO басшысы Дархан Қыдырәліні қабылдады

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық Түркі академиясының президенті Дархан Қыдырәліні қабылдады. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметінен мәлім етті.

Мемлекет басшысына Халықаралық Түркі академиясының атқарып жатқан жұмыстары мен жақында ЮНЕСКО аясында Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Ұлы дала өркениетіне қатысты халықаралық форумға дайындық барысы мәлімделді. Сонымен қатар, биыл жарық көргеніне 100 жыл толатын «Egemen Qazaqstan» республикалық газетінің ғасырлық мерейтойына орай шығарылған кітаптар таныстырылды.

Қасым-Жомарт Тоқаев кездесу соңында атқарылып жатқан істерге жоғары баға беріп, осы бағыттағы жұмыстарды жалғастыру үшін бірқатар нақты тапсырмалар берді.