02 мау, 2020 сағат 13:13

Тоқаев Бас прокурорға дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылауды тапсырды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Бас прокурор Ғизат Нұрдәулетовті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа еліміздегі заңдылық пен құқықтық тәртіп жайы баяндалды. Бас прокурор Төтенше жағдай режимі кезінде қылмыс деңгейінің төмендегенін атап өтті.

Қазақстан Президентіне ірі қылмыстық істердің тергелу барысы және қоғамдық мүддені қорғауға қатысты жұмыстар туралы мәлімет берілді.

Қасым-Жомарт Тоқаев дағдарысқа қарсы шаралардың орындалуын қатаң бақылай отырып, заңдылықты сақтау, мемлекет пен қоғам мүддесін қорғау бағытындағы жұмыстарды жалғастыра беру қажеттігін айтты.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.