06 мам, 2019 сағат 12:49

ҚР Премьер-Министрі «Шереметьево» әуежайындағы оқиғаға байланысты көңіл айтты

Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Асқар Мамин Ресей Федерациясы Үкіметінің Төрағасы Дмитрий Медведевке Мәскеу қаласындағы «Шереметьево» әуежайына ұшақтың апатты қонуы салдарынан адамдардың қаза табуына байланысты көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды primeminister.kz.

«Қазақстан Республикасы Үкіметінің атынан және өзімнің атымнан қаза тапқандардың жақындары мен туыстарына қайғырып көңіл айтамын, сондай-ақ зардап шеккендердің тезірек сауығып кетулерін тілеймін», - делінген Үкіметтік жеделхат мәтінінде.