01 нау, 2017 сағат 15:24

ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысы өтеді

Н. Нығматулин ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысын шақыру туралы өкімге қол қойды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Парламенті Мәжілісінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Өкімде «Қазақстан Республикасы Конституциясының 58-бабы 4-тармағының 2 тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасы Парламенті Палаталарының бірлескен отырысы 2017 жылғы 3 наурызда сағат 10-да Астана қаласында шақырылсын» делінген.

Айта кетсек, бүгін Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Конституцияға өзгертулер енгізуге қатысты Жұмыс тобының қорытынды отырысы өткен болатын.