15 қаң, 2020 сағат 07:18

ҚР Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі тағайындалды

Бүгін ҚР Парламенті Мәжілісінің жалпы отырысында Орталық сайлау комиссиясының жаңа мүшесі бекітілді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Атап айтқанда, Ерлан Сламханұлы Дауылбаев ҚР ОСК мүшесі қызметіне тағайындалды.

«Ерлан Сламханұлы көп жылдар бойы әділет саласында жұмыс істеді. Орталық сайлау комиссиясы жүйесінде де қызме етті. Соңғы уақытта Шымкент қалалық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы болды», - деді Парламент Мәжілісінің төрағасы Нұрлан Нығматулин.

Өз кезегінде Мәжілістің Заңнама және сот-құқықтық реформа комитеті төрағасы Нұрлан Әбдіров қызметтерін атқарған кезде Е. Дауылбаев өзінің жоғары біліктілігі бар заңгер ретінде көрсете алғанын атап өтті.