04 қаң, 2018 сағат 14:27

ҚР ІІМ қызметкерлері 30 мың доллар парамен ұсталды

Алматыда ІІМ-нің полиция подполковнигі мен аға тергеушісі 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан жерінде ұсталды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы бойынша департаментінің ресми өкілі Нұрлан Жахиннің айтуынша, полицейлер 3 қаңтар күні ұсталған. 

«Алматы қаласында ҚР Ішкі істер министрлігінің Оңтүстік аймақтық ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының подполковнигі А. Григорьев пен ҚР ІІМ Тергеу департаментінің аға тергеушісі, капитан А.Нұрболатов жеке тұлғадан оны қылмыстық жауапкершілікке тартпау үшін 30 мың АҚШ доллары көлемінде пара алып жатқан кезінде ұсталды», - делінген хабарламада.

Күдіктілер Алматы ІІД уақытша ұстау изоляторына қамалды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.