12 қаз, 2016 сағат 13:02

ҚР Экономика министрінің сұлу қыздар арасында ән айтып отырған видеосы жарияланды (Видео)

Еліміздің Экономика министрі Қуандық Бишімбаев тек білікті экономист емес, әуесқой әнші де болып шықты. Интернетте оның сұлу екі қыздың алдында тұрып ән шырқаған бейнеролигі жарияланды. Видеоматериалды Kazday порталы өзінің Youtube-парақшасына орналастырған.

Қуандық Уәлиханұлы орысша әнді жанды дауыста пианиноның сүйемелдеуімен орындап шықты. Көңілді кеш мейрамханалардың бірінде орын алған болуы мүмкін.

Естеріңізге салайық, бұған дейін Қазақстанның экс-премьері, қазіргі ҚР ҰҚК төрағасы Кәрім Мәсімовтің караокеде ән шырқаған видеосы Youtube видео-порталында жарияланған болатын. Кәрім Қажымқанұлы танымал америкалық джаз әншісі Луи Армстронгтың "What are wonderful world" әнін орындаған.

Сондай-ақ, бүгінде басы дауда қалған ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлының да пианинода ән айтқан видеосын интернеттен тамашалауға болады.

sn.kz