#
#
Сейсенбі 19/11/2019

ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер сапасын бақылау комитетіне жаңа басшы келді

  • 15.06.2019
  • 0
  • 465

Людмила Бұйрабекова ҚР ДСМ Тауарлар мен қызметтер қауіпсіздігі және сапасын бақылау комитетінің төрайымы болып тағайындалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Людмила Бұйрабекова 1973 жылы Қарағанды облысында дүниеге келген. 2000 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясын, 2004 жылы Қазақ фармацевтика институтын, 2014 жылы Халықаралық бизнес академиясын тәмамдаған. Мамандығы бойынша - дәрігер, провизор, іскерлік әкімшіліктендіру магистрі.

Еңбек жолын 1997 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина академиясында бастаған.

2004-2005 жылдары Х. Ж. Мақажанов атындағы көпбейінді клиникалық ауруханасында дәрігер-клиникалық дәрі-дәрмек маманы ретінде қызмет атқарған.

2005-2010 жылдары мемлекеттік органдарда түрлі лауазмдарды атқарған. 2011-2014 жылдары Республикалық оңалту орталығында, Ұлттық медицина холдингінде, Медициналық технологиялар және ақпараттық жүйелер орталығында жұмыс істеген.

2014-2015 жылдары ҚР Президенті Іс басқармасында бас инспектор ретінде еңбек еткен.

2015 жылдан 2017 жыл аралығында ҚР Президенті Іс басқармасының Медицина орталығы басшысының орынбасары лауазымын атқарған.

2017 жылғы тамыздан 2019 жылдың мамырына дейін ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Фармация комитетінің төрайымы қызметін атқарды.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар