19 мам, 2019 сағат 15:49

ҚР делегациясы Украина Президентін ұлықтау рәсіміне қатысады

Украина Президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының жоғары деңгейдегі делегациясы қатысады. Бұл туралы СІМ баспасөз қызметі хабарлады.

"Украина тарапының ресми шақыруына сәйкес, 2019 жылы 20 мамырда Киевте Украина Президенті Владимир Зеленскийді ұлықтау рәсіміне Қазақстан Республикасының жоғары деңгейдегі делегациясы қатысады. ​Қазақстан делегациясын ҚР Парламенті Сенаты Төрағасының орынбасары Бектас Бекназаров басқарады", - делінген хабарламада. 

Еске сала кетейік, «Орталық сайлау комиссиясының 30 сәуірде өткен отырыс хаттамасына сәйкес, Украина Президенті болып Владимир Зеленский сайланды. 

Сондай-ақ, Зеленскийдің Украина Президенті ретінде ант беретін күні белгіленді.