#
#
Сейсенбі 13/11/2018

ҚР Білім және ғылым вице-министрі басқа қызметке ауысты

  • 14.09.2018
  • 0
  • 830

Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Талғат Ілиясұлы Ешенқұлов ҚР Білім және ғылым вице-министрі лауазымынан босатылды. Бұл туралы ҚР Премьер-министрінің баспасөз қызметі хабарлады.

Білім және ғылым министрінің бұйрығымен ҚР БҒМ Білім және ғылым саласындағы бақылау комитетінің төрағасы лауазымына тағайындалды.

Талғат Ешенқұлов 1978 жылы Жамбыл облысында дүниеге келген. 1999 жылы М. Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетін, 2000 жылы — «Қайнар» университетін, 2010 жылы — ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясын тәмамдаған. Экономист, заңгер, мемлекеттік және жергілікті басқару докторы (PhD).

Еңбек жолын 1997 жылы бастаған. Жамбыл облысы Әділет басқармасында, Қаржы министрлігінде, Білім және ғылым министрлігінде, Жоғарғы Кеңесте, Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде, ҚР Есеп комитетінде әртүрлі лауазымдарды атқарған.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться
БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар