23 қыр, 2017 сағат 11:33

ҚР БҒМ Парламентте оқулықтар бойынша тыңдаулар өткізуді ұсынды

ҚР Білім және ғылым министрлігі ел Парламентінде ашық тыңдаулар өткізуді ұсынып отыр, деп хабарлайды ведомоствоның баспасөз қызметі.

«Біз оқулықтарға қатысты әрбір мәселенің кеңінен және ашық талқылануын құптаймыз. Бұл 2019 жылға дейін дайындалатын оқулықтарға да, бұған дейін басылып, қолданысқа берілген кітаптарға да қатысты. Халық  қалаулыларының қоғамдық талқылаулар барысында енгізген пікір-ұсыныстары Республикалық комиссияның жұмысы барысында ескерілмек. Парламенттегі талқылауларға сарапшылар, барлық баспалар мен БАҚ өкілдері тартылатын болады»,-делінген хабарламада.