17 мам, 2017 сағат 17:13

ҚР ақпарат және коммуникациялар вице-министрі тағайындалды

ҚР Үкіметі Қаулысымен Балықбаев Қайрат Тәкірұлы Қазақстан Республикасының ақпарат және коммуникациялар вице-министрі болып тағайындалды. Бұл туралы primeminister.kz сайтында хабарланды.

Қайрат Балықбаев 1982 жылы Алматы қаласында дүниеге келген. 2003 жылы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-ды, 2005 жылы - Халықаралық бизнес академиясын, 2009 жылы - Қ. И. Сәтбаев атындағы ҚазҰТУ-ды тәмамдаған.

Экономист, экономикалық кибернетика, мұнай-газ ісі, менеджмент салаларында біліктілікке ие. 

Еңбек жолын 2003 жылы бастаған, коммерциялық және ұлттық компанияларда түрлі лауазымдарды атқарған.

ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрлігіне тағайындалғанға дейін «ҚМГ Глобал Солюшнс Би. Ви.» КЖШБ бас директорының орынбасары қызметінде болған.