21 қар, 2020 сағат 11:56

ҚПЛ: «Астана» қатарынан үшінші мәрте жеңілді

Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасында Қазақстан чемпионатының 19-турында елордалық «Астана» қарағандылық «Шахтерден» жеңіліп қалды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл ойында қарағандылық команда 3:1 есебімен жеңіске жетті. Ойынның 7-минутында «Шахтер» сапынан Руслан Мингазов есеп ашты. Ал қарағандылық футболшы Сергей Зенев 24-минутта есепті үстемелей түсті. Қарағандылық Еркін Тапалов 69-минутта мергендігімен көзге түсті. «Астана» сапынан 90 минутта Дидар Жалмұқан есеп айырмасын қысқартты. 

Бүгін аталған турдағы «Ордабасы» мен «Қайсар», «Жетісу» мен «Тараз» командалары кездесуде. Бірінші кезеңнен кейін «Ордабасы» мен «Қайсар» 0:0 есебімен тең ойнаса, «Тараз» «Жетісудан» 1:0 есебімен басым болды.