#
#
Бейсенбі 04/06/2020

Қожағапанов вирустан қалай қорғанатынын айтты

  • 02.04.2020
  • 0
  • 155

Алматы әкімінің бірінші орынбасары Ерлан Қожағапанов онлайн брифинг барысында коронавирустан қалай қорғанып жүргенін айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Шенеунік брифингке маскасыз шықты.

«Біз - мемлекеттік қызметшіміз. 24 сағат бойы жұмыс істейміз. Мен неге маскасыз шыққанымды айтайын. Қазір емеуріннен оқитын адамдар бар. Біздің сурдоаудармашы қазір карантинде жатыр. Бұл қауіпті екені рас», - деді ол.

Ол вирустан сарымсақпен, С дәрумені, лимонмен қорғануға кеңес берді. 

«Мен барлығына осындай ұсыныс айтамын. Сонымен қатар қазақстандық сарымсақ жеген дұрыс. Өйткені, басқа елден келген көкөністің дәмі жоқ. Сол үшін вирусқа қарсы күші жоқ. Сонымен қатар, иммунитетке ең бастысы дұрыс ұйқы керек. Қазір ол үшін біздің азаматтарда барлық мүмкіндік бар», - деді ол.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар