01 қар, 2019 сағат 16:19

Ковалев пен «Канело» титульдық жекпе-жек үшін қанша алатыны белгілі болды

Сергей Ковалев (34-3-1, 29 КО) пен Сауль «Канело» Альварестің (52-1-2, 35 КО) титульдық жекпе-жек үшін қанша ақша алатыны белгілі болды, деп хабарлайды Sports.kz.

ESPN журналисі Дэн Рафаэльдің хабарлауынша, осы жекпе-жек үшін жартылай ауыр салмақ санатындағы WBO тұжырымы бойынша әлем чемпионы Сергей Ковалев 3 миллион, ал белдікке таласпақ болып отырған Альварес 35 миллион доллар гонорар алады.

Екі боксшы да белгіленген гонорардан тыс тағы бірнеше миллион ақша алатыны белгілі.

Еске сала кетейік, 3 қараша күні таңертең болатын жекпе-жекті «Qazsport» және «Qazaqstan» телеарналары тікелей эфирден көрсететінін хабарлаған едік.