18 шіл, 2019 сағат 17:33

Қостанайлықтар коммуналдық қызметтерге 400 млн теңге қарыз

Қостанай облысының тұрғындары коммуналдық қызметтерге 400 млн теңге қарыз. Бұл туралы облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Алмат Исенбаев айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қостанайлықтардың қарыздары жыл санап көбейіп барады.

«Тұрғындар ең көбі жылуға қарыз – 254 млн теңге. Сумен қамту бойынша 74 млн, электрге - 35 млн, газға - 23 млн теңге қарыз», - деді А.Исенбаев.

Облыстың коммуналдық кәсіпорындары жалпы сомасы 156 млн теңге болатын 3196 талап арыз берген. Бұдан бөлек, жалпы сомасы 83,5 млн теңге болатын 1900 талап бойынша сот шешімдері және орындау қағаздары бар. Қазірге дейін жалпы сомасы 44,3 млн теңгені құрайтын 875 талап орындалған.

Алмат Исенбаевтың айтуынша, жыл басынан бері «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ газ бағасын тұрғындарға жылу беретін кәсіпорындар үшін - 20%, заңды тұлғаларға жылу беретін кәсіпорындар үшін - 3% арзандатқан.