06 мау, 2019 сағат 11:09

Қостанайда Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды бағдарламасы талқыланды

Қостанайда «Ауыл» партиясынан президенттікке кандидат Төлеутай Рақымбековтің сайлауалды бағдарламасы талқыланды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" партияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Жиында кандидаттың сенімді өкілдері мен сайлауалды штабының мүшелері бірқатар мәслелерді ортаға салды. Айталық, еліміздегі жоғары оқу орындары жыл сайын мыңдаған ауыл шаруашылығы маманын дайындап шығарады. Бірақ, олардың елді мекендерге барып, еңбек етіп жатқандары шамалы. Сондықтан, жастарды ауылға тартатын мықты ынталандыру тетіктері керек. Төлеутай Рақымбековтің осы және өзге де бастамалары Қостанайда кеңінен талқыланды.

Бұған қоса, ауыл - рухани құндылықтардың қайнар көзі. Төлеутай Рақымбеков ұлттық дәстүрді дәріптеп, отбасылық негізді нық қалыптастыруға шақырады. Үміткер бағдарламасындағы осы және өзге де тетіктер Қостанайдағы жиында қызу талқыланды.

Айта кетейік, Төлеутай Рақымбеков штабы еліміздің басқа өңірлерінде де осындай форматтағы жиындар өткізуді жоспарлап отыр.