19 ақп, 2018 сағат 06:46

Қостанай және Жамбыл облыстарында ауа райына қатысты ескерту жарияланды

Қостанай және Жамбыл облыстарында ауа райына қатысты ескерту жарияланды, деп хабарлайды Қазгидромет.

Синоптиктердің мәліметінше, 19 ақпанда Қостанай облысының кей жерлерінде тәулік бойы тұман күтіледі.

Сондай-ақ, 19-20 ақпанда Жамбыл облысында шығыс бағыттан жел соғады, кей жерлерінде оның күші 15-20 м/с-ге жетеді. Өңірде 19 ақпанда күндіз, 20 ақпанда тәулік бойы екпіні 23-28 м/с жел соғады.