07 там, 2018 сағат 09:15

Қостанай облысының тұрғындары QR-код арқылы қолма-қол ақшасыз төлемдер төлейді

Қостанай қаласы тұрғындары жаңа инновацияны меңгеруде: олар «Salem, mobile» мобильді қосымшасы және QR-кодты пайдалана отырып, тауарларды сатып алу барысында электронды жүйе арқылы қолма-қол ақшасыз төлем жасайды, деп хабарлайды Nur.kz тілшісі.

Облыста кәсіпкерлер мен сатып алушыларға қызметтің бұл түрін «Қазпошта» АҚ ұсынған.  

«Қазпошта» АҚ Қостанай облысының әкімдігінің қолдауымен «Salem Mobile» мобильдік қосымшасы арқылы облыс тұрғындарының қызметтеріне қолма-қол ақшасыз төлем жасау жобасын жүзеге асырды. Жоба қазіргі таңда пилотты түрде іске асырылуда. Енді Post.kz порталының пайдаланушылары кез-келген банк картасынан QR-код арқылы заңды тұлғалардың шотына және елде тіркелген кез-келген банктегі жеке тұлғаға төлемдерді төлей алады.

Тұтынушылар электронды түрде төлем жасау үшін, өз картасын Post.kz сайтында бір рет тіркеу қажет. Кез келген банктің картасы арқылы тіркеліп қызметті алуға болады. Кәсіпкерлердің «Қазпочта» АҚ-ның кез-келген аймақтық филиалында қызметті қосуға мүмкіндігі бар. Өтінім 10 жұмыс күні ішінде өңделеді. Өңделгеннен кейін қызмет қосылғанын растайтын анықтама беріледі.  

Жаңа қызмет екі базарда – Нариман және Зеленый деп аталатын сауда орындарында қолданылады. Облыста барлығы 60 кәсіпкер ұсынысты пайдалана бастады және сатып алушыға жаңа төлем әдісін таңдау мүмкіндігін ұсынады.

Қызметті пайдалануды бастау үшін Қостанайлық тұрғындар Post.kz қосымшасын өздерінің телефондарына орнату қажет. Тіркелу рәсімін аяқтағаннан кейін «Қаржылық қызметтер» бөлімін таңдау керек.

Ал кәсіпкерлер «Қазпочта» АҚ-мен келісімге отырады. Әрбір бөлімшеде өзінің жеке QR-коды болады. Тиісті белгі дүкеннің ішіндегі көрнекті жерде орнатылған. Сіз «Salem Mobile» функциясын бассаңыз, қызметкерлер сізге QR-кодты көрсетеді. «QR төлемдер» функциясы сіздің картаңызды және телефон нөміріңізді қосымшаға сәйкес туралауға мүмкіндік береді.

«Бұрын сатып алушы карточка арқылы базарға келгенде, ақшасыз электронды төлем жасай алмай, керекті тауарын алуға мүмкіндігі болмай, қолайсыз жағдайлар туындайтын. Ал ол бізге де кері әсерін тигізеді. Жаңа жүйе сатушыларға да, сатып алушыларға да өзінің оңды тұстарын тигізуде», –  дейді сатушы.

Жобадағы кәсіпкерлерге неғұрлым тиімді тұсы – бұл 3000 теңгеге тең қызмет құны. Ал POS-терминалдарды орнату құны 100 мың теңгеден асады.

Сондай-ақ, Қостанай облысы әкімдігінің кәсіпкерлік басқармасы жоба «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында жүзеге асырылып отырғанын айтып өтті.