25 мау, 2019 сағат 14:22

Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып өзгерді, деп хабарлайды Ақорда.

***

Қостанай облысының Таран ауданын қайта атау туралы

«Қазақстан Республикасының әкімшілік-аумақтық құрылысы туралы» 1993 жылғы 8 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 9-бабына сәйкес ҚАУЛЫ ЕТЕМІН:

  1. Қостанай облысының Таран ауданы Бейімбет Майлин ауданы болып қайта аталсын.
  2. Осы Жарлық алғашқы ресми жарияланған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

 

Қазақстан Республикасының

    Президенті                                                                                        Қ.Тоқаев

 

Нұр-Сұлтан, Ақорда, 2019 жылғы 24 маусым

                                  № 29