14 қаз, 2016 сағат 11:11

Қостанай облысында 106 миллион тоннадан астам астық жиналды

Қостанай облысында биыл 106 миллион тоннадан астам астық жиналды, ал ауыл шаруашылығы өнімдерінен түскен кіріс 332 миллиард теңгеге дейін өскен. Бұл туралы облыстық Ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Байбосын Байбатырұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында мәлімдеді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" Baq.kz порталына сілтеме жасап.

«Биылғы егінді есепке алсақ, 106 миллион тоннадан астам астық жиналды. Жыл басынан бері 15,5 миллиард теңгеге 1104 техника сатып алдық»,- деді ол.

Сонымен қатар конференция барысында биыл жүзеге асырылатын 24 инвестжобаның ең ірі деген 4-уі ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылатыны белгілі болды.

«Солардың бірі – өсімдік майын шығаратын зауыт. Екінші жоба аясында «Баян Сұлу» кондитер фабрикасында бисквит шығару қолға алынады, кәсіпорынға 3,6 миллиард теңге жұмсалмақ», - деп атап өтті басқарма басшысы.

Сонымен қатар брифинге келген Қостанай облысы әкімдігінің өкілдері облыс әкімі мен Татарстан президенті Рустам Миннихановтың келісімі нәтижесінде келесі жылы Қостанайда сабан той республикалық деңгейде аталып өтетінін айтты.