#
#
Cәрсенбі 13/11/2019

Қостанай облысы Арыстағы 671 нысанды жөндейді

  • 11.07.2019
  • 0
  • 634

Қостанай облысы Арыс қаласында үйлерді жөндеуге кірісті, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Арыстағы соңғы жағдайларға байланысты елдің түкпір-түкпірінен гуманитарлық көмек жиналып, арнайы қор құрылғаны мәлім.

Қостанай облысы да бұл бастамадан шет қалмады.


«Облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеевпен байланысты. Келіссөздердің нәтижесінде Қостанай облысы арыстықтарға бүлінген үйлерді қалпына келтіруге көмектесетіні белгілі болды. Қазіргі уақытта Арыс қаласында Қостанай облысы әкімінің бірінші орынбасары Ғауез Нұрмұхамбетов бастаған бір топ делегат, мемлекеттік органдардың өкілдері жұмыс істеп жатыр», - деді облыс әкімдігінің мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасының басшысы Берік Таңжарықов.


Оның сөзінше, қала 17 секторға бөлініп, Қостанай облысына №16 сектор бекітілген. Сектордағы нысандардың саны - 671, оның ішінде 659 жеке үй, алты әлеуметтік нысан, алты темір жол нысаны бар.

«Біз 612 үйді тексердік. 88 үйге зақым келмеген, сегіз пәтер толығымен қирады. Жөндеуге жататын 516 үйдің 158-і күрделі, қалған 358-і ағымдағы жөндеуді қажет етеді. Біздің сектордағы қалпына келтіру жұмыстарының барысы Қостанай облысының әкімі А. Мұхамбетовтың жеке бақылауында. Мен күн сайын оның алдында атқарылған жұмыс туралы есеп беремін. Біздің облысқа бекітілген сектордағы құрылыс-монтаж жұмыстары үшін жергілікті компаниялардың қызметкерлері тартылды», - деді Берік Таңжарықов.


Қазірдің өзінде 139 нысанда жұмыс басталған. Оның бесеуі - жаңа үйлердің құрылысы. Күрделі жөндеуді қажет ететін 82 нысанда шатырды бөлшектеу және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Ағымдағы жөндеу жұмыстары жеткілікті 50 үйде пластикалық терезелер орнатылды. Күрделі жөндеуді қажет ететін 12 үйдің жұмысы аяқталды. Қалпына келтіру жұмыстарына тағы 365 үй кезекте тұр.


0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар