30 қар, 2018 сағат 09:06

Қостанай мен Шығыс Қазақстанда жатақханалар құрылысы қалай жүргізіледі?

Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев наурыз айындағы "Президенттің бес әлеуметтік бастамасы" атты халыққа үндеуінде "Жоғары білім алудың қолжетімділігі мен сапасын арттырып, студент жастардың жатақханадағы жағдайын жақсарту" жайына баса мән берді. Осы мақсатта елімізде студенттерге арналған жаңа жатақхана салу мәселесі қолға алынып жатқаны белгілі.

Бүгінде студенттердің қажеттілігін толықтай өтеу үшін жатақханалардан 90 мыңнан астам орын керек екен. Мемлекет басшысы өз үндеуінде бұл мәселені 2022 жылға дейін шешуді тапсырды.

- Қазір жоғары оқу орындары мен колледждердің студенттерін жатақханамен қамтамасыз ету мәселесі өте өзекті. Бұл міндетті шешу үшін жоғары оқу орындары, колледждер мен девелоперлік компаниялар мемлекет пен жеке меншіктің серіктестігі қағидасымен жатақхана салуды бастауы керек.

2022 жылдың соңына дейін студенттерге арнап кемінде 75 мың орындық жаңа жатақхана салуды тапсырамын, - деген еді.

Халықтың әлеуметтік тұрмыс-тіршілігін жақсартуға бағытталған бес бастаманың жүзеге асыруда аймақтарға артылатын міндет жүгі де салмақты. Қазіргі таңда аймақтар бойынша жатақханалардың жобалық-сметалық құжаттамалары дайындалып, әзірлену үстінде.

Таяуда "Нұр Отан" партиясының Орталық аппаратында сенатор Бақытжан Жұмағұлов ҚР Білім және ғылым министрлігімен 7 ЖОО, 1 колледж және 2 компания арасында студенттік жатақхананың құрылысына 10 келісімшартқа қол қойылғандығын хабарлады.

- 17 аймақтың ішінен 13-і студент жастар үшін жатақхана салуға мемлекеттік тапсырыстың келісімшартына қол қоюға өтініш жіберілді. Түркістан, Солтүстік Қазақ­­­стан, Ақмола және Ақтөбе облыстарынан өтініш түспеді, – деп атап өтті.

Студенттерді жатақханамен қамтамасыз ету - әлеуметтік маңызы аса жоғары мәселенің бірі. Бұл бастаманы жүзеге асыру мақсатында жуырда "Қаржы орталығы" АҚ Қостанай облысының "Атамекен" АКП ұйымдастыруымен Мемлекет басшысының Үшінші бастамасын іске асыру жөніндегі іс-шара өткізілді. Бұл кездесу барысында кәсіпкерлерді қызықтырған барлық сұрақтарға тұщымды жауаптар айтылды. Сонымен қатар, іс-шараға Қостанай облысы "Білім басқармасының", "Құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасының", "Жер қатынастары басқармасының", "Ішкі саясат басқармасының", "Тобыл" ӘКК" АҚ, "ДАМУ" кәсіпкерлікті дамыту қоры" АҚ өкілдері қатысты.

Отырыс барысында ҚР БҒМ қарасты "Қаржы орталығының" студенттік жатақханаларға операторлық ету департаменті директорының орынбасары Алпамыс Сатыбалдин тапсырманы іске асырудың жолдарын түсіндіре кетті. Кәсіпкер немесе оқу орын өтінішпен "Қаржы орталығы" АҚ-ға жүгініп, Оператормен ("Қаржы орталығы" АҚ) және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігімен шарт жасасады.

- Өз кезегінде, мемлекет құрылыс үшін төлемдерді жүзеге асыратын болады. Жатақхана жаңадан салынатын жағдайда бір студентке – 122 АЕК-тен болса, күрделі жөндеуден өткен жағдайда бір студентке – 47 АЕК-тен. Мысалы: кәсіпкер немесе ЖОО 500 орынға жатақхана салды делік. Құрылыс 2019 жылы басталып, 2020 жылы аяқталды. 2020 жылға бір АЕК-тің құны 2613 теңгеге тең болады деп жоспарлануда. Сөйтіп, 122 АЕК-ті осы сомаға көбейткенде студент орналасқан әрбір орын-жай үшін 318 мың 786 теңге шығады. Бұл санды 500 орынға көбейткенде бірінші жылға, біз – қаржы орталығы, 159 миллион теңге төлейміз. Бұл мемлекет тарапынан 8 жыл бойы жасалады, нәтижесінде 1 миллиард 280 миллион теңге шығады. Түрлі есептеулер бойынша бұл құрылысқа кеткен шығынды тең жартысынан 200%-ға дейін өтейді, – дейді Сатыбалдин.

Қостанай облысында 9 жатақхана салыну жоспарлануда екен. Оның көпшілігі облыс орталығында орналасады. Құрылыс жұмыстары 2019 жылы басталып, 2020 жылы алғашқылары студенттер игілігіне берілмек. Өңірде Қостанай педагогикалық университеті жарқын мысал бола алады. Бұл білім беру орны 4 блоктан тұратын жатақхана салмақ. Алғашқы екеуінің құрылысы 2019 жылдың басында басталады. Ал "Қаржы орталығы" АҚ бірінші үлестік несиесін беруді жоспарлауда. Бұл қаржы қалған екі қосымша құрылыс үшін жұмсалады. Өңірде қазір 5 жоғары оқу орнына жатақхана қажет-ақ.

Шығыc Қaзaқcтaн облыcындa 5 ЖОО-ның 2800 cтудeнті жәнe 7 коллeдждің 1778 cтудeнті жaтaқхaнaғa мұқтaж. Оcы рeттe, 5 жeр учacкecі ЖОО-лaрдың жәнe 7 жeр учacкecі коллeдждeрдің иeлігіндe. Мәceлeні шeшу үшін облыcтa 4578 орынғa 12 жaтaқхaнaның құрылыcы жоcпaрлaнып отыр eкeн.

Ұлт Көшбacшыcы aнықтaп бeргeн ұтымды ұcыныcтaр бaршa қaзaқcтaндықтaрдың өмір cүру дeңгeйін жaқcaртып, хaлықтың әл-aуқaтын көтeругe бaғыттaлғaн. Бec бacтaмa - Тәуeлcіз Қaзaқcтaнның инновaциялық бaғыттaғы әлeумeттік-экономикaлық дaмуынa жaңa ceрпін бeрeрі cөзcіз.