#
#
Бейсенбі 17/10/2019

Қосшы мен Қояндыда мектеп салынып жатыр

  • 19.09.2019
  • 0
  • 270

Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев Целиноград ауданында салынып жатқан жаңа үш мектептің құрылыс жұмыстарымен танысты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметі бойынша, «Kazyna-SR» ЖШС өз қаражаты есебінен Қосшы ауылында 400 орынға арналған мектептің құрылысын жүргізуде.

Мекеме директоры Сайра Матайбаеваның айтуынша, 2017 жылдан қолға алынған бастапқы жобада 200 балаға арналыпты. Кейіннен ауыл мектептерінің жүктемесі жоғары екендігін көріп, 400 орындық мектеп салуға шешім қабылданған. Қазіргі кезде құрылыс жұмыстарының 95 пайызы орындалған. Аймақ басшысы ғимараттың ішкі және сыртқы келбеті жоспарларымен танысты. Мектепте мәжіліс залынан бөлек, кворкинг орталығы бар кітапхана, сондай-ақ үзіліс кезінде демалатын орындар бар.

Кездесуде мердігерлермен мемлекеттік-жекешілік серіктестігі шеңберінде одан әрі әріптестікті дамыту мәселесі талқылады.

Сонымен қатар, Қосшы және Қоянды ауылдарында 1200 оқушыға арналған заманауи мектептің құрылысы жүріп жатыр. Қосшыдағы мектептің құрылысы биыл жазда басталды. Ал, Қоянды ауылындағы мектептің ішкі әрілеу жұмыстары қолға алынған. Мұнда мектеп ауласы абаттындырылып, спорттың әр түрімен айналысуға және табиғи ғылыми цикл пәндерінен тәжірибе өткізуге арналған 17 алаң салынды.

Ал, Шұбар ауылындағы негізгі мектеп 145 оқушыға үш ауысымда сабақ беруде. 1962 жылы салынған мектеп ғимаратының әбден тозығы жетіпті. Кабинеттері тым тар. Білім ошағында болып, жағдаймен жіті танысқан аймақ басшысы өскелең ұрпаққа білім мен тәрбие беріп отырған педагогикалық ұжымға алғысын білдірді. Сондай-ақ, жобалық-сметалық құжаттары әзірленіп, алдағы екі жыл ішінде ауылда жаңа мектептің салынатын жеткізді.

«Жұмыс сапары кезінде Ермек Маржықпаев Қосшы ауылындағы көше-жол желілеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен де танысты. Көше-жол желілерінің құрылыс жобасы бойынша ауылдағы жалпы ұзындығы 21, 98 шақырым болатын 12 көше жөндеу жұмыстарымен қамтылатын болады. Қазіргі таңда оны сегізінде жұмыс аяқталып үлгеріпті. Биыл жылға Қоянды ауылында 7,7 шақырым жолға орташа жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 223 миллион теңге бөлінген. Келер жылы тағы 18 шақырым жол жөнделетін болады. Шұбар аулында ауыл тұрғындарын орталықтандырылған сумен жабдықтау мақсатында инженерлік желіні қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде», дейді облыс әкімідігінің баспасөз қызметіндегілер.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар