26 нау, 2019 сағат 14:21

Көшбасшы жастар үндеу жасады

Бүгін «Nur Otan» партиясының орталық аппаратында белсенді жастар бас қосты. Отырыс барысында елорда атауының өзгеруі туралы ойларын ортаға салып, тарихи сәтті қуанышпен қабылдағандарын жеткізді.

Жастар ұйымдарының жетекшілері мен жас көшбасшылар отырыс соңында қазақстандық жастарға үндеу жасады.

***

Құрметті қазақстандықтар!

Біз, жас көшбасшылар, еліміздің жас ұрпағы, Қазақстанның терең тарихы мен бай мәдениетінің жалғастырушылары, қоғам мен мемлекеттің жоғары мүдделерін негізге ала отырып, мемлекет пен Қазақстан халықтарының алдындағы парызымызды сезіне отырып, бейбітшілік пен қоғамдық келісімнің, бірлік пен ынтымақтың, даму мен құндылықтардың маңыздылығын түсіне, Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа гүлденген Қазақстан үшін, жас ұрпақтың дамуына қосқан зор үлесі үшін ерекше құрмет пен алғыс білдіре отырып, тарихымыздың осы маңызды кезеңінде Қазақстан жастарына Үндеуімізді жолдаймыз.  

Біз бүгінгі Қазақстанның сенімді серіктес, Орталық Азиядағы  бейбітшілік пен тұрақтылықты қамтамасыз етуде айтарлықтай орны бар халықаралық қарым-қатынастардың жауапты және тең құқылы қатысушысы, жанжалдық ахуалды шешуге және ұлттардың бейбіт жағдайда бірге өмір сүруіне белсенді ықпал ететін мемлекетке айналуы Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің айрықша рөлі, саяси ерік-жігері мен қажырлы еңбегінің нәтижесі деп білеміз.

Біз, жас қазақстандықтар, қоғамдық келісім мен саяси тұрақтылықтың, этносаралық және конфессияаралық бейбітшіліктің, бүкіл халықтың игілігіне бағытталған экономикалық өсудің және қазақстандық патриотизмнің мызғымастығы сынды ел дамуының негізін қалаушы қағидаттарға сүйене отырып, Қазақстанды одан әрі дамыту үшін барлық күш-жігерімізді жұмсаймыз.

Осы орайда, біз елорда атауын Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың құрметіне өзгерту туралы Парламент шешімін, Президент Жарлығын қолдаймыз. Біздің - бір Елбасымыз, бір еліміз, бір халқымыз, бір тағдырымыз бар!

Біз, Елбасының жас жақтастары, жас қазақстандықтарды тәуелсіз Қазақстанның Тұңғыш Президенті айқындаған стратегиялық бағытқа қолдау көрсетуде бірлік, татулық пен келісім танытуға шақырамыз.

Біз тәуелсіздікті нығайту, елді жаңғырту, әрбір қазақстандықтың әл-ауқатын арттыру үшін жауапкершілікті қабылдауымыз керек. Біз адамның өз елі мен халқына қызмет етпей, толыққанды бақытты бола алмайды деп есептейміз.

«Nur Оtan» партиясының «Жас Отан» ЖҚ,

ҚР Халықаралық «Болашақ» стипендиясы стипендиаттарының қауымдастығы, Қазақстан жастарының конгресі,

Қазақстан студенттер альянсы, «Жас Ұлан» біріңғай балалар мен жасөспірімдер ұйымы,

«Жасыл ел» жастар еңбек жасақтары,

Қазақстан халқы Ассемблеясының «Жаңғыру жолы» республикалық жастар қозғалысы,

Қазақстан КВН Одағы,

ҚР Ұлттық Дельфий комитеті,

Нұр-Сұлтан қ. Жастар ресурстық орталығы,

Ұлттық еріктілер желісі,

«Қазақстан-2050» Жалпыұлттық қозғалысы.