08 сәу, 2021 сағат 14:43

Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма?

Коронавирустан жазылғандарға ораза ұстауға бола ма? Бұл сауалға Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жауап берді, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Дініміз жеңілдікті қалайды. Егер коронвируспен аурып, жазылғаннан кейін денсаулығыңыз ораза ұстауға жараса, еш кедергі жоқ. Ораза ұстай беруіңізге болады. Ал дәрігер сізге қауіпті болатындығын, иммунитетіңіз әлсіз екендігін айтып, ораза ұстауға болмайды десе, ұстамаңыз. Иммунитетіңізді жақсартып, ораза біткеннен кейін де ұстамаған күндеріңізді толықтырып алуыңызға болады», - деді Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифинг барысында.