#
#
Cәрсенбі 01/04/2020

Коронавирустан жазылған екі адам Алматыда емделген

  • 26.03.2020
  • 0
  • 91

Коронавирустан емделіп, жазылған 2 адам Алматы тұрғындары болып шықты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Бұл ақпаратты қалалық Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі растады. 

«Коронавирустан Алматыда екі адам емделді. Олар ертең ауруханадан шығады», - деді баспасөз қызметінен.

Бұған дейін, бұл індеттен Қазақстанда 2 адам емделіп, жазылғанын ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрі Дәурен Абаев айтқан болатын.

Осы уақытта Қазақстанда коронавирус жұқтырғандардың саны 88-ге жетті. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 46 адам, Алматы қаласында – 34 адам, Қарағанды қаласында - 2, Шымкент қаласында - 2 адам, Алматы облысында - 1 адам, Ақтөбе облысында - 1 адам, Жамбыл облысында -1 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 1 адам жалпы 88 науқас тіркелді.

0 пікір

Пікір қалдыру

Чтобы оставлять комментарий нужно зарегистрироваться или авторизироваться

Маңызды мақалалар

БАННЕР

Аймақтар жаңалықтары

Басқа да мақалалар