31 нау, 2020 сағат 11:59

Коронавирусқа шалдыққан тенор Пласидо Доминго өзін жақсы сезіне бастады

Коронавирус жұқтырған тенор Пласидо Доминго дүйсенбі күні үйде екенін және өзін жақсы сезіне бастағанын хабарлады. Бұған дейін БАҚ-та 79 жастағы опера әншісінің ауруханаға жеткізілгені туралы ақпарат шыққан. Оның қызуы көтеріліп, жөтел болған. 22 наурызда коронавирусқа алынған тест оң болып шыққан, деп хабарлайды Associated Press.

Дүйсенбі күні Доминго «ең алғашқы белгілерге дейін мен әдеттегідей жасыма сай ауруларды есепке ала отырып, дәрігерлердің қадағалауында болдым» деп жазды. 

Сондай-ақ, ол барлық адамдарды үйде отыруға шақырды. Коронавирус көп жағдайда екі-үш аптадан соң басылатын жөтел және қалтырау сияқты жеңіл әрі бірқалыпты белгілер танытады. Ал кейбір адамдарда, әсіресе егде жастағы адамдарда вирус пневмония сияқты ауыр сырқатқа, тіпті өлімге дейін апаруы мүмкін.