29 нау, 2020 сағат 10:35

Коронавирус жұқтырғандардың әрқайсысы 30-50 адаммен байланыста болған

Елордада коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу бағытында үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласының қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Сәуле Қисықова айтты, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

«Ауру жұқтырған адамдармен байланыста болғандарды анықтау белсенді түрде жүргізіліп жатыр. Коронавирустық инфекцияны тасымалдаушы екені анықталғандардың әрқайсысы кемінде 30-50 адаммен байланыста болған. Оларды оқшаулау бойынша жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл адамдар аталған инфекцияны белсенді тасымалдаушы болып саналмайды. Қазіргі уақытта оларды ауруханаға жатқызу жұмыстары басталды», - дейді Сәуле Қисықова Хабар24 арнасында өткен онлайн брифингте.