06 сәу, 2020 сағат 04:30

Коронавирус: Ұлыбританияның премьер-министрі ауруханаға жатқызылды

Осыдан 10 күн бұрын Ұлыбританияның премьер-министрі Борис Джонсон коронавирусқа тест тапсырып, оның нәтижесінде саясаткердің індет жұқтырғаны белгілі болған. Бүгін ол тексеру жүргізу үшін ауруханаға жатқызылды, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат" үкімет мәлімдемесіне сілтеме жасап.

«Премьер-министр өз дәрігерінің кеңесімен тексеруден өту үшін ауруханаға жеткізілді» деп мәлім етті Даунинг-стриттен.

Еске сала кетейік, Ұлыбритания премьер-министрі Борис Джонсон 27 наурызда өзінің коронавирус жұқтырғанын растаған еді. Ол содан бері оқшауланып, мемлекетті үйінен басқара бастаған.