26 нау, 2020 сағат 17:26

Коронавирус: СҚО-да бойжеткеннің жеке мәліметтері қалай жария болғаны тексерілуде

Солтүстік Қазақстан облысында полицейлер коронавирусқа шалдыққан болуы мүмкін деген күдікке ілінген бойжеткеннің жеке деректері әлеуметтік желіде қалай пайда болғанын тексеріп жатыр, деп хабарлайды "Ұлт ақпарат".

Мессенджерлер арқылы бойжеткеннің аты-жөні, мекенжайы, анализ нәтижелері тараған. Кейінірек әлеуметтік желіде бойжеткен тұратын үйдің қоршауға алынған кіреберісінің суреттері пайда болды. 

«Петропавл қалалық полиция басқармасына 27 жастағы бойжеткен белгісіз біреулердің мессенджерлерде оның жеке деректерін таратқанын айтып, шағым түсірген. Бұл факті Сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне «Дербес деректер мен оларды қорғау туралы ҚР заңнамасы мен жеке өмірге қол сұғылмаушылықты бұзу» қылмыстық бабы бойынша тіркелді», - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен.